Жаңалықтар

Бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден берілетін болды

Бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден берілетін болды

Нұр-Сұлтанда жеке кәсіп ашуға ниетті азаматтарға «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін грант сомасы әр кәсіпкердің бизнес жобасына сәйкес 5 млн теңгеге дейін беріледі деп хабарлады turkystan.kz

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, бөлінетін қаражаттың 20 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталады. Оның ішінде 45 млн теңге - жастарға арналған гранттар.