Бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден берілетін болды

Бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден берілетін болды

Бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден берілетін болды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда жеке кәсіп ашуға ниетті азаматтарға «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін грант сомасы әр кәсіпкердің бизнес жобасына сәйкес 5 млн теңгеге дейін беріледі деп хабарлады turkystan.kz Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлімдеді.
«Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жыл сайын мемлекеттік гранттар конкурсын өткізеді. Биыл мемлекеттік гранттар бойынша құжат қабылдау 1 сәуірден 15 сәуірге дейін болады. Биыл бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 345 млн теңге бөлініп отыр. Бұл шамамен 69 жобаны қаржыландыруға жетеді», - деді ол.
Оның айтуынша, бөлінетін қаражаттың 20 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталады. Оның ішінде 45 млн теңге - жастарға арналған гранттар.
«Биыл ережеге өзгерістер енгізілді. Бағдарламаға Нұр-Сұлтан қаласында өз ісін бастауды көздеп отырған жеке кәсіпкерлер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген шағын кәсіп субъектілері қатыса алады. Ал грант сомасы әр кәсіпкердің бизнес жобасына сәйкес 5 млн теңгеге дейін беріледі», - деп атап өтті Қуаныш Сапаров онлайн брифингте.