«Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары күшейтіледі» - Қайрат Ырзақұлұлы

«Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары күшейтіледі» - Қайрат Ырзақұлұлы

«Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстары күшейтіледі» - Қайрат Ырзақұлұлы
ашық дереккөзі
Қазіргі сәтте еліміз жаңа саяси реформалар мен дамудың жаңа моделін қалыптастырып, түбегейлі өзгерістер мен бетбұрыстарға бағыт алған кезеңді бастан кешуде. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баса айтылған болатын деп жазды turkystan.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлының айтуынша, бүгінде өңір әкімдігі тарапынан ондағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.
«Аймақтағы өзекті мәселелерді тиімді шешу мақсатында жыл басында «Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» бекітілді. Бұл картада барлық сала бойынша бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер қамтылып, мәселені шешудің тиімді жолдары мен жауапты салаға қатысты нақты міндеттер айқындалды. Жыл басында болған «Қаңтар оқиғасы» бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де күшейту керектігін және өзекті мәселелерді шешуде барлық сала асқан жауапкершілікпен жұмыс жасау қажеттігін көрсетті», - деді Қайрат Ырзақұлұлы.
Осы орайда, бір айта кетерлігі, ашықтықты алдымен бастап, жергілікті шенеуніктер ішінде осы өңір әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың халық алдында жүзі жарқын болғанын ескерген жөн.