Елімізде мемлекеттік қызметкерлерді бопсалауға жол берілмек емес

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерді бопсалауға жол берілмек емес

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерді бопсалауға жол берілмек емес
ашық дереккөзі
Қазір қоғамда көтерілген кез келген мәселе әлеуметтік желілер арқылы немесе басқа да ақпарат көздері арқылы жылдам тарап, қоғамдық пікір тудыруға себеп болып жатады. Алайда ол ақпараттың дұрыстығына ешкім кепіл бермейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.  Оның айтуынша, қандай тақырыпта болса да халыққа жан-жақты зерттелген, нақты ақпарат ұсыну маңызды. Жасыратыны жоқ, ақпарат көздері арқылы резонанс тудырып, сол арқылы рейтинг жасауды көздейтіндер де бар. Кейбір жағдайларда еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікке кірбің түсіргісі келетін теріс ниетті топтар мен тұлғалардың тарапынан арандату әрекеттері де байқалады.
«Әлеуметтік желіде теріс бағытта пост шығарып, хайп қуып, өзінің рейтингін көтеру – уақытша нәрсе. Ендігі жерде мемлекеттік қызметшілерге жалған мін тағуға, бопсалауға және оны жеке мүдделеріне пайдалануға жол берілмейді. Теріс бағытта арандатушылық ниетпен жазған желі қолданушысының ақпараты жоққа шығарылса, заң негізінде оның ісі сотқа дейін жолданады. Ал егер мемлекеттік қызметшінің тарапынан кемшіліктер кетсе, заң алдында жауап береді. Қалай дегенмен де біреуді қаралаған адамды қоғам, түптің түбінде, шеттетеді. Бүгінде біз өмір сүріп жатқан қоғам негативтен, теріс ақпараттан шаршады. Сондықтан алдағы уақытта мұндай іс-әрекеттерге заң аясында шектеулер қойылады», - деді Қайрат Нұртай.