Германия ресейлік газды еуромен төлеуді жалғастырады

Германия ресейлік газды еуромен төлеуді жалғастырады

Германия ресейлік газды еуромен төлеуді жалғастырады
ашық дереккөзі
Германия Үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт неміс компаниялары ресейлік газды еуро немесе доллармен жеткізуді жалғастыратынын айтты деп жазды turkystan.kz  Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап. Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин 1 сәуірден бастап Ресейдегі заңнамаларға сәйкес, газды жеткізу ақысын «достастық жоқ елдер» рубльмен төлеуге тиіс екенін айтқан. Алайда Еуроодақ басшылары мұндай шартқа келіспеді, оның ішінде Германия канцлері Олаф Шольц те бар.
«G7 министрлері бұл біржақты және қолданыстағы келісімшарттарды анық бұзу болатынын бірауыздан қабылдады. Олар жасалған келісімшарттардың жарамды екенін және компаниялар өз келісімшартына адал болуы керек екенін қайталайды. Рубльмен төлеу қабылданбайды және зардап шеккен компанияларды Путиннің талабын орындамауға шақырамыз», - деді Хабек.
Еуропалық компаниялар еуро немесе доллармен төлеуді жалғастырады. Ақша санкцияға ілікпеген Газпромбанкке жіберіледі. Онда аударылған қаржы рубльге ауыстырылады. Айта кетер бір жайт, осының алдында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ресейлік газды рубльмен төлеу талабын Ресейдің «санкцияларды айналып өту әрекеті» деп атаған болатын.