Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек өткізетін уақыты белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек өткізетін уақыты белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек өткізетін уақыты белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасында орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 21 мамырда өтеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ESPN телеарнасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ.
«Сейсенбі күні орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титул үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумға арналған промоутерлік өтінім бойынша мәміле жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының басты шарасында кездеседі» деп жазды журналист Дэн Рафаэль Twitter-ге.
Тағы оқи отырыңыз: Тимур Құлыбаевқа қарсы тергеу жүргізіле ме?