Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жалғасады

Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жалғасады

Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жалғасады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз баспананы жалға беру бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлім етті. Оның айтуынша, жақында ғана Government for zhastar ғылыми-зерттеу орталығының жанынан жастардың мәселелерімен айналысатын алаң құрылған. Осы алаңда қазақстандық жастардың баспана мәселесін талқылау жоспарланып отыр.
«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға арендалық баспана берілетінін білесіздер. Бұл бағдарлама 2021 жылға дейін жоспарланған. Аталған өңірлерде бұл бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», - деді ол.
Сондай-ақ өзге өңірлерде де осыған ұқсас бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр екен.
«2022 жылдан бастап өзге өңірлерде де осыған ұқсас бағдарламалар іске қосылады. Қазірдің өзінде 3-4 өңір ниет білдіріп отыр», - деді Шахмардан Байманов.
Тағы оқи отырыңыз: Неміс депутаты «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қызығушылық танытты