Жаңалықтар

Украина Ресейдің талаптарын орындауға келісті

ашық дереккөзі

Украина Ресейдің талаптарын орындауға келісті

Владимир Путиннің көмекшісі, Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский Украина Ресейдің НАТО-ға мүшелікке кірмеу және шетелде әскери база орналастырудан бас тарту талабына келіскенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ria.ru-ға сілтеме жасап. Оның айтуынша, Украина қағаз бетіне түсірілген келісім жобасын берген. Келісімде НАТО-ға кірмеу, Украинаның мәртебесін тіркеу, ядролық қарудан бас тарту, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруларын иелену, жасау және сатып алудан бас тарту, шетелде әскери базалар мен әскери контингентті орналастырмау қарастырылған. «Яғни, Украина Ресей соңғы жылдары талап еткен талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді», – деді Мединский.