Қаңтар оқиғасы кезінде Бас мүфти қайда болғанын айтты (ВИДЕО)

Қаңтар оқиғасы кезінде Бас мүфти қайда болғанын айтты (ВИДЕО)

Қаңтар оқиғасы кезінде Бас мүфти қайда болғанын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
ОКҚ-да өткен брифинг барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайда болғанын айтты деп жазды turkystan.kz.
«Қаңтар көтерілісінде» емес, 4 қаңтар күні түнгі уақытта қасиетті Мекке қаласына кеттік. Біз елдегі жағдайды сол жаққа барғанда біліп, 7-сі күні елге қайтадан оралдық», - деді Бас мүфти.
Сондай-ақ ол сол күні әуежайда жағдайды ести сала халыққа басу айтып, үндеу жариялағанын айтты. Бірақ оның бұл жауабы сұрақ қойған журналист Ораз Әлімбековке ұнамаған.
«Бас мүфти Наурызбай Өтпенов «Қаңтар қырғыны» кезінде жамағатты тағдыр тәлкегіне тастап, Сауд Арабиясына кетіп қалғанын мойындады. Бірақ Дубайда болғанын, ол жаққа кімнің ұшағымен барғанын айтқысы келмеді. Мүфтият «Зекет қорына» қатысты сұраққа да мардымды жауап бермеді. Қор басшылары туыстары мен таныстарының әрбіріне 200 мыңнан 400 мыңға дейін жәрдемақы жазып қойғаны құжат бойынша дәлелденіп еді ғой. Мүфтият сол ақшаны қорға кері қайтарды ма? Әлде, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете бере ме? Қор басшыларына қандай жаза қолданды? Бұған да жауап жоқ» деп жазды тілші әлеуметтік желіде.
Ол брифинг ұйымдастырушыларының жұмысын да сынға алды.
«Баспасөз мәслихатын жасадың ба, онда журналистердің барлық сұрағына жауап бер! «Бұл сұрақ тақырыптан тыс» деп қақпайлауды қою керек. Берілген сұрақтың бәрі мүфтиятқа қатысты. Жауап бергің келмей ме, онда баспасөз мәслихатын өткізіп нең бар? Бұрынғы әдетті жалғастырып, шапаныңмен бүркеніп, мүфтияттан шықпай омалып отыра бермейсің бе?!» деп жазды Ораз Әлімбеков.