Ресейдегі Facebook пен Instagram-ды бұғаттау салдарынан Meta миллиардтарын жоғалтты

Ресейдегі Facebook пен Instagram-ды бұғаттау салдарынан Meta миллиардтарын жоғалтты

Ресейдегі Facebook пен Instagram-ды бұғаттау салдарынан Meta миллиардтарын жоғалтты
ашық дереккөзі
Ресейдегі әлеуметтік желілерді бұғаттаудың кесірінен Meta-ның жыл сайын үлкен шығынға ұшырайтыны белгілі болды деп жазды turkystan.kz. «Сколково-NES» қаржылық технологияларды зерттеу және цифрлық сараптама орталығының зерттеуіне сәйкес, Ресейде Facebook пен Instagram-ды бұғаттау Meta-ға жылына 2-2,2 миллиард доллар шығын әкеледі екен. Зерттеуде берілген Statista статистикалық қызметінің мәліметі бойынша, Facebook-тің Ресейде шамамен 66 миллион қолданушысы бар. Meta-ның жылдық есебіне сәйкес, компания Еуропадағы бір пайдаланушыдан шамамен $19,68 табыс тапты. Осылайша, сарапшылар компанияның Ресейде бұғаттаудан болған шығынын күніне 3,6 миллион долларға немесе жылына 1,3 миллиард долларға бағалады. Ресейдегі Instagram аудиториясы шамамен 64 миллион белсенді пайдаланушыны құрайды және компания әр пайдаланушыдан жылына шамамен 12,84 доллар табады. Сол формула бойынша, Meta Ресейде Instagram-ды бұғаттаудан шамамен 823,6 миллион долларын жоғалтады екен.