«Қазақстан халқына» қоры азаматтарға баспана сатып алуға ақша бөле ме?

«Қазақстан халқына» қоры азаматтарға баспана сатып алуға ақша бөле ме?

«Қазақстан халқына» қоры азаматтарға баспана сатып алуға ақша бөле ме?
ашық дереккөзі
Неліктен «Қазақстан халқына» қоры азаматтарға баспана алуға ақша бөлмейді деген сұраққа қор төрағасы Болат Жәмішев Қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың Facebook-тегі парақшасында болған тікелей эфир кезінде жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қор тұрғын үй сатып алу мәселесін қарастырмайды және айналыспайды. Егер, шамамен есептесек, онда кезекте тұрғандардың бәріне ең кемі екі бөлмелі пәтер сатып әперу үшін Қорға 70 жыл қажет болады. Бұл біз айналысатын міндет емес», – деді қор төрағасы.
Оның айтуынша, қорға келіп түсетін ақшалай көмекке өтінімдердің басым бөлігі несиені өтеуге қатысты болып отыр.
«Жауап: несиені қалай алсаңыздар, солай өтеңіздер. Басқа жауап болмайды», - деді Болат Жәмішев.