Жаңалықтар

Актриса Айым Сейтметова ана болды

ашық дереккөзі

Актриса Айым Сейтметова ана болды

Актриса, блогер Айым Сейтметова ана атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Айым Сейтметова - танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы. «30.03.2022 жылы мен ана атандым. Дүниеге қош келдің. Иісің қандай керемет еді!» деп жазды Instagram-дағы парақшасында Айым Сейтметова. Актрисаның жұбайы Талғат Итаев та қуанышын өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті. «30.03.2022 жылы, бүгін таңертең қызым дүниеге келді. Әлхамдулиллах, бәрі жақсы өтті! Айым, сұлу қызымыз үшін рақмет! Сүйемін!» - деді ол. Айта кетсек, Айым Сейтметова мен бизнесмен Талғат Итаев 2019 жылы қазанда үйленген болатын.