Асхат Оралов сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жас мерейтойымен құттықтады

Асхат Оралов сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жас мерейтойымен құттықтады

Асхат Оралов сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жас мерейтойымен құттықтады
ашық дереккөзі
Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік рәміздер және ұлт архитектурасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті деп хабарлады turkystan.kz. Оған AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысып, еліміздің сәулет өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады. Айта кетсек, биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына – 30 жыл. Сонымен қатар, қазақтың көрнекті сәулетшісі, Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толды.
 «Әрбір мемлекеттің рәмізі оның дүниетанымы, арман-мақсаты, философиясы мен қағидаты десек, бұл тұрғыда Жандарбек аға халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, жалпы ұлттық құндылықтарымызды елдігіміздің арқауы – Елтаңбамызда айшықтай білді» деп жазды Асхат Оралов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, ол құттықтауында Жандарбек Мәлібекұлының жастарға үлгі екенін айтты.
«Елдік іске елеулі еңбек сіңірген Жандарбек ағаны кейінгі буын - біз үлгі тұтамыз. Бітім-болмысынан қазақ даласының дархандығы мен даналығы, бекзаттығы мен еркіндігі есіп тұратын ағамызға мықты денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ өмір және толайым табыс тілеймін»,- деді Асхат Оралов.
Тағы оқи отырыңыз: ​​AMANAT партиясы жанынан TALQYLAU қоғамдық диалог алаңы жұмысын бастады