«Za наших»: Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі шуға қатысты түсініктеме берді

«Za наших»: Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі шуға қатысты түсініктеме берді

«Za наших»: Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі шуға қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев университетінде ІТ департаментінің қызметкері кабинетінің сыртына ілінген «Zа наших» плакатына байланысты түсініктеме берді деп жазды turkystan.kz.
«Оқытушы болсын, басқа болсын, Қазақстан азаматы заң алдында барлығы бірдей жауап беруі тиіс. Егер олар заңға қайшы қоғамда арандатушылық туғызатын көзқарастағы әрекет жасайтын болса, заң алдында жауап береді. Мен әлі бұл іспен танысқан жоқпын. Енді естіп тұрмын», – деді министр.
Оның айтуынша, университеттің өз ішкі заңдары бар және де ол министрлікке ешқандай есеп бермейді. Білім беру қызметкерлеріне қолданылатын Әдеп кодексінің бұл мекеме қызметкерлеріне қатысы жоқ екен.
«Екіншіден, Назарбаев университеті автономдық статусқа ие. Олардың жеке заңы бар, Білім және ғылым министрлігінің қарамағына кірмейді. Ұстаздарға келетін болсақ, педагогтарға арналған кодекс бар, онда барлығы анық жазылған. Олар сабақ өткізу кезінде оқу бағдарламасынан бөлек, пропагандаға жол беруі және өздерінің саяси көзқарасын «тықпаламауы» керек», – деді Аймағамбетов.