Маңғыстау облысында топырақ ұрлағандар ұсталды

Маңғыстау облысында топырақ ұрлағандар ұсталды

Маңғыстау облысында топырақ ұрлағандар ұсталды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысына қарасты Басқұдық ауылдық округінде түнгі мезгілде полигонда заңсыз топырақ ұрлағандар ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, жедел әрекет еткен. Нәтижесінде заңға қайшы ісі үшін жүк көліктері Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің айып тұрағына жабылды» деп жазылған хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылмақ. Тағы оқи отырыңыз: Атырау облысында мал қырыла бастады