«Ей, мал!..»: Шымкент полициясындағы қыз қызметкерін балағаттады (ВИДЕО)

«Ей, мал!..»: Шымкент полициясындағы қыз қызметкерін балағаттады (ВИДЕО)

«Ей, мал!..»: Шымкент полициясындағы қыз қызметкерін балағаттады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Аталған видео Yuotube-тегі Kritik kz арнасында жарияланды. Онда әлдебір жас қыздың қоластындағы қызметкерді аяусыз боқтағаны жазылып алынған аудио бар деп хабарлады turkystan.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап. Видеоның басына Шымкент қалалық Полиция департаментінде жұмыс істейтін адамның желідегі аккаунтын скриндеп салыпты.
«Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мырза, полиция саласының баспасөз қызметін осындай басшылар басқарса, қоғамға қандай үгіт-насихат айтып жеткізеді? Масқара ғой, мынауыңыз! Аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Біз ойлаушы едік, полицияда салмақты, өте сауатты, тәрбиесі мол басшылар жұмыс атқарады деп. Алайда мына сөздерді естігенде жағамызды ұстадық. Бұл сөздер әйел баласына тән нәрсе емес деп ойлаймын. Осындай қызметкерлермен қандай жаңа Қазақстан құрамыз, министр мырза, айтыңызшы? Әділ шешімін шығаруыңызды сұраймыз. Шымкент қаласы Мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Әли Амантайұлы Көмекбаев осы жағдайдың бәрін біле тұра, көз жұмып қарауда» деп жазылған видео мәтінінде.