Жаңалықтар

Түркістан облысында 17 жастағы аяғы ауыр келіншектің жоғалғаны туралы тың мәлімет шықты

Түркістан облысында 17 жастағы аяғы ауыр келіншектің жоғалғаны туралы тың мәлімет шықты

Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған келіншек Назым Алдаш 28 наурыз күні Жаңатас қаласынан табылды деп жазды turkystan.kz.

Түркістан облысының тұрғыны - кәмелеттік жасқа толмаған Назым Алдаш туралы оқиға көпшілікті елең еткізген еді. 22 ақпанда ол Түркістан облысының Сауран ауданындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұдан бұрын туысқандары келіншектің азаматтық күйеуінің қатыгездігі туралы мәлімдеген болатын. Ал тәртіп сақшылары бір айдан астам уақыт бойы жоғалған әйелді сол азаматтық күйеуімен бірге Жамбыл облысынан тауып алған еді. Назымның анасы Гүлжамила Бекетова оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Кейін Назым күйеуінің ұрып-соққанына шағымданып, анасынан оны үйіне алып кетуін өтінген екен.

Наурыздың 28-і күні жоғалған келіншекті тәртіп сақшылары Жаңатас қаласынан тапты. Полиция өкілдерінің айтуынша, ол осы уақыт бойы азаматтық күйеуімен бірге тұрған екен.

Ал Назым болса, өзін біреудің ұрып-соққанын жоққа шығарып отыр. Қайтадан алып кетеді деп қорыққандықтан, анасына хабарласпаған.