«Жұмыссыздық белең алады» - Ұлттық банк мәлімдеме жасады

«Жұмыссыздық белең алады» - Ұлттық банк мәлімдеме жасады

«Жұмыссыздық белең алады» - Ұлттық банк мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Ұлттық банк елімізде алдағы 3 айда девальвация және дефолт болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Соңғы кезде Whatsapp желісінде әлдекімдердің Қазақстанда бағаның екі-үш есеге өсіп, жұмыссыздық белең алатыны туралы ақпараты желдей есіп тарап жатыр. Бұл жазба барлық жерге тарап үлгерді.
«Ассалаумағаликум, жігіттер! Кімнің депозитінде ақшасы болса, тез арада алуға кеңес беремін. Кімнің қолма-қол ақшасы болса, оны долларға айырбастаңыз. Егер көлік немесе пәтер алуды жоспарласаңыз, қазір алғаныңыз дұрыс. Өйткені жақында девальвация болады. Дәл 3 айдан кейін банктерде дефолт болады. Азық-түлікті ескі бағамен сатып алыңыз, жақын арада баға 2-3 есе көтеріледі. Елде қысқартулар болады. Барлық жақыныңызға ескертіңіз», - делінген Whatsapp-тағы хабарламада.
Осыған байланысты Ұлттық банк өкілдері қаржылық тұрақтылықты қолдау бойынша шаралар қабылдап жатқанын, ал Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қолға алғанын айтты.
«2022 жылдың 24 ақпанында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтергені хабарланды. Халықтың теңгедегі депозиттері бойынша бюджет қаражаты есебінен өтемақы есептеуді көздейтін теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы жарияланды. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ», - деді Ұлттық банктің өкілдері.