Қымбат көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Қымбат көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Қымбат көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Павлодар облысында қымбат көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Сот үкімі бойынша қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әр мүшесі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2021 жылы Павлодар облысы Полиция департаментінің қылмыстық полициясы қызметкерлері қылмыстың жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде, Павлодар және Қарағанды облыстарында көлік ұрлаумен айналысқан 4 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. https://youtu.be/t2mDl1Aomd8
«Тергеу барысында қылмыстық топтың Toyota Avensis, Toyota Land Cruiser Prado сияқты 10 автокөлік ұрлау фактісіне қатысты екені дәлелденді», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Қазір сот аталған қылмыстық істі қарастырып, кінәлілердің тиісті жазасын берді. Топтың екі мүшесі қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 262-бабының 1,2-бөлігі, 188-баптың 4-бөлігі, 386-баптың 2-бөлігі бойынша бас бостандығынан 8 жылға айырылды. Тағы бірінің қылмысы дәлелденіп, ҚК-нің 262-бабы, 2-бөлігі, 188-бабының 4-бөлігі мен 386-бабының 2-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың төртінші мүшесі ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.