Елорда әуежайында рейстер кешігіп жатыр (КЕСТЕ)

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда рейстер кешігіп және тоқтатылып жатыр

Елорда әуежайында рейстер кешігіп жатыр (КЕСТЕ)
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда рейстер кешігіп және тоқтатылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекеновтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бірақ рейстер кешігіп жатыр. 36 рейстің қону, 28 рейстің ұшу уақыты шегерілген. 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп», - деді Анвар Шалекенов.

Ол жолаушылардан әуежайдың ақпараттық қызметтері мен әуекомпанияның байланыс орталықтарынан рейстердің кешігуі, сондай-ақ тоқтатылуы туралы ақпаратты нақтылап алуды сұрады.

«Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан сақ болуды сұраймыз», - деп қосты ол.

«Арақ ішіп, шу шығарды»: әнші Айгүл Елшібаеваның басы дауға қалды