Көкшетауда қылмыскер екі адамды өлтіріп кетті

Көкшетауда қылмыскер екі адамды өлтіріп кетті

Көкшетауда қылмыскер екі адамды өлтіріп кетті
ашық дереккөзі
Көкшетау қаласында қылмыскер ер адам баланың көзінше екі адамды өлтіріп кеткен деп жазды turkystan.kz. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға қаланың көпқабатты үйлерінің бірінде болған. Қылмыскер мас күйінде екі әйелді бірнеше рет соққыға жығып, оларға пышақ сұққан.
«Ол пәтер мен көпқабатты үйдің кіреберісінде аяусыз әрекет еткен. Марқұмдар 37 және 68 жаста болған. Қылмыс куәгері - зардап шеккендердің бірінің қызы. Қылмыскер кісі өлтіргеннен кейін қашып кеткен. Оқиға орнында нақты не болғанын анықтау үшін дәлелдерді толық жинауға әрі куәгерлерді іздеуге біраз уақыт қажет болды. Осы уақыт ішінде қылмыскер елден кетіп қалды. Кейінірек оның тағы да екі адамның өліміне қатысы бар екені дәлелденді. Қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды», – делінген ресми хабарламада.
Тәртіп сақшылары ер адамның көрші мемлекет аумағында орналасқан жерін анықтаған.
«Ол біреудің атымен жасырынып, тіпті отбасын да құрған. Көкшетаулық тергеушілер прокуратураға оны Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш білдірді. Ол қазір жазасын өтеп жатыр», – деді полиция өкілдері.