Жаңалықтар

Елбасының еш жерде жарияланбаған суреттері жарық көрді

ашық дереккөзі

Елбасының еш жерде жарияланбаған суреттері жарық көрді

Бүгін – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел парламенті қабылдаған заңға сәйкес, бұл мейрам елімізде 2012 жылдан бері тойланып келеді. Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатының көмегімен мерекеге орай NUR.KZ порталы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қызықты сәттерден сыр шертетін фотосуреттерді оқырман назарына ұсынды.

Қарметкомбинат домна пешінің көрікшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Теміртау, 1962 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев досы Мақсұт Нәрікбаевпен бірге. Теміртау, 1960 жылдар

 

Нұрсұлтан Назарбаев металлургтер бригадасымен. Теміртау, 1963 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші май демонстрациясында № 1 домна цехіндегі әріптестерімен бірге. Теміртау, 60-жылдардың бас кезі

Назарбаев әулеті: Динара Нұрсұлтанқызы, Дариға Нұрсұлтанқызы, Сара Алпысқызы, Нұрсұлтан Әбішұлы. Алматы, 70-жылдар

 

Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жары Зухра Шәріпқызымен. Алматы, 1982 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев теннис ойнау үстінде. Алматы, 1996 жыл

Күйші, Қазақстан Республикасының халық әртісі, фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі Нұрғиса Тілендиевке "Халық қаһарманы" атағын беру кезінде. Алматы, 1998 жыл