Мұхтар Ерман Мәжілістен кетті

Мұхтар Ерман Мәжілістен кетті

Мұхтар Ерман Мәжілістен кетті
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қарастырып, оны Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. ОСК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, Мұхтар Ерман өз ыхтиярлығы бойынша өтініш берген.
«Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. Осыған байланысты ОСК Конституцияға және «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.
Депутаттар палатаның тиісті қаулысын бірауыздан қолдады. Тағы оқи отырыңыз: Ақорда үш елдің Президентінен келген жеделхат мәтінін жариялады