Алматыда 25 көлік ағаш астында қалды

Алматыда 25 көлік ағаш астында қалды

Алматыда 25 көлік ағаш астында қалды
ашық дереккөзі
Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда дауыл мен жауын-шашынның салдарынан 25 көлік ағаш астында қалды деп хабарлады turkystan.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап. 29 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап азаматтық қорғау органдарына қала тұрғындарынан 43 хабарлама келіп түскен. Жетісу ауданындағы жекеменшік үйдің ауласын, сондай-ақ Алмалы ауданындағы үйдің жертөлесі мен кіреберісін су басқан. [caption id="attachment_173910" align="alignnone" width="1152"]ТЖД Фото: ТЖД Алматы[/caption] Сондай-ақ нашар ауа-райы салдарынан екі ер адам зардап шеккен. Біреуіне бұтақ, екіншісіне ғимараттың құлаған бір бөлігі залал келтірген. Медициналық тексеруден кейін зардап шеккендер үйлеріне жіберілді. 13 ғимараттың шатыры қираған. Олардың қатарында жеке және көпқабатты үйлер мен әкімшілік ғимараттары бар. Келтірілген зақымдарды меншік иелері өздері қалпына келтіреді. [caption id="attachment_173911" align="alignnone" width="1200"]ТЖД Фото: ТЖД Алматы[/caption] Сонымен қатар, троллейбус желісінің үзілуі оқиғасы тіркелді. Жергілікті жерлерде құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар күштері және құтқару қызметтері жұмыс істеді.