Қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды
Қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды
Раиса Кузнецованың денесінің әр жеріндегі гематомалар мен ауыр жараларын видеодан көрген туыстары мәйітті қазып алып, қайта талдау жасауды талап еткен. Олар зейнеткерді қарттар үйінде қатты соққыға жығып, мұны жасырған деп күдіктеніп отыр. Қарттар үйінің әкімшілігі зейнеткердің баспалдақтан құлап жарақат алғанын мәлімдеді. Қызметкерлер оны ешкім ұрмағанын және оны қарияның өзі растағанын айтты. Ал полиция зейнеткердің екі рет құлағанын, екінші ретінде кейбір сүйектері сынғанын айтқан.
Туыстарының айтуынша, Раиса Кузнецова қарттар үйінде 3 жылдан астам уақыт өмір сүрген: оның отбасы жоқ. Сол жерде қайтыс болған. Алайда туыстарына індетке байланысты жерлеу рәсіміне келуге тыйым салған. Қараттар үйінде тұрған уақыт аралығында қарияның тарапынан ешқандай шағым болмаған.
Қазір сарапшылар Раиса Кузнецова шын мәнінде құлап қайтыс болды ма, жоқ па, сол жағын анықтап жатыр. Ал туыстары мамандар мәселенің ақ-қарасын анықтайды деп үміттеніп отыр.