Қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды

Қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды

Қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткердің мәйітін туыстары қайта қазып алды
ашық дереккөзі
88 жастағы тараздық Раиса Кузнецова ауыр жарақаттардан соң қарттар үйінде қайтыс болған. Оның өз өлімімен өлгеніне сенбеген туыстары мәйітті қайта қазып алуға рұқсат алған. Кейін марқұмды Алматы маңына екінші рет жерлеген деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Раиса Кузнецованың денесінің әр жеріндегі гематомалар мен ауыр жараларын видеодан көрген туыстары мәйітті қазып алып, қайта талдау жасауды талап еткен. Олар зейнеткерді қарттар үйінде қатты соққыға жығып, мұны жасырған деп күдіктеніп отыр. Қарттар үйінің әкімшілігі зейнеткердің баспалдақтан құлап жарақат алғанын мәлімдеді. Қызметкерлер оны ешкім ұрмағанын және оны қарияның өзі растағанын айтты. Ал полиция зейнеткердің екі рет құлағанын, екінші ретінде кейбір сүйектері сынғанын айтқан.
«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері бірқатар тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазір сараптама тағайындалды», – дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Туыстарының айтуынша, Раиса Кузнецова қарттар үйінде 3 жылдан астам уақыт өмір сүрген: оның отбасы жоқ. Сол жерде қайтыс болған. Алайда туыстарына індетке байланысты жерлеу рәсіміне келуге тыйым салған. Қараттар үйінде тұрған уақыт аралығында қарияның тарапынан ешқандай шағым болмаған.
«Біз денені эксгумациялауға қол жеткіздік, қазір сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Мәйітті Тараздан Алматы қаласына қайта жерлеу үшін тасымалдауға рұқсат алып, жерледік. Енді әжеміздің жерленген жерде жаны жай тапты», – дейді туысы Регина Абдразакова.
Қазір сарапшылар Раиса Кузнецова шын мәнінде құлап қайтыс болды ма, жоқ па, сол жағын анықтап жатыр. Ал туыстары мамандар мәселенің ақ-қарасын анықтайды деп үміттеніп отыр.