«Оргазм ала алмадым»: хиджаптағы сексолог бар сырын айтты

«Оргазм ала алмадым»: хиджаптағы сексолог бар сырын айтты

«Оргазм ала алмадым»: хиджаптағы сексолог бар сырын айтты
ашық дереккөзі
Хиджабтағы сексолог Анель Нұржаубаева күйеуге шыққан кездегі интимдік қатынасқа қанағаттанбай, осы бағытта арнайы дәріс алғанын ашып айтты. Өзінің сексолог атануына осы жайт себеп болған деп жазды turkystan.kz.
«2012 жылы күйеуге шыққаннан кейін оргазм ала алмайтынымды сезіндім. Оған дейін оргазм туралы оқығанда, бір космосқа ұшып кететіндей сезім болады деген ой болды. Ал енді сол оргазмды аламын деп күтіп жүргенімде ештеңе де шықпады. Болмады. Күйеуіммен уақыт өте келе диалог құрылды: - Сен оргазм алып жүрсің бе? - Жоқ. Мен проблеманың бар екенін жасырмай айттым. Ал мен өмірде жылдам шешім қабылдайтын адаммын», - дейді Анель Нұржаубаева.
Айтуынша, ол содан кейін 1 айдың ішінде осы мәселені түсіндіретін, оның шешу жолдарын білетін мастер классқа барған.
«Сол жылдары мен бухгалтер болып жұмыс істедім. Жұмыстан 18:00-де шықтым, ал тренинг 19:00-де басталды. Мен үлгеріп бардым. Ол тренингте: - Әлсіз бұлшық еттер, онымен қалай жаттығу жасау керектігі - Кегель жаттығуы - Қынапқа арналған тренажерлар - Сексуалды энергия - Төсектен оргазм алу туралы айтылды. Тренинг соңында «Вумбилдинг» курсына қатысуға орын ашты. Мен ойланбай қатысамын деп шештім. Себебі, менің нақты проблемамды шешетін курс болды. Ал проблемалардан қашпай, оны жылдам шешу – менің өмірлік ұстанымдарымның бірі. 2 күндік курс бағасы 50.000 теңге болды. Ал бұл баға 2012 жылы үлкен сумма еді», - дейді ол.
Қазір өзін Қазақстандағы №1 сексологпын деп есептейтін Анельдің бұл салада жүргеніне 6 жыл болыпты. Осы аралықта ақылы және тегін сабақтарына 5 мыңнан астам тыңдаушы қатысқан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АНЕЛЬ💫 # 1 СЕКСОЛОГ | ТРЕНЕР🇰🇿 (@anel_resmi)