«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты тергеу шаралары басталды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты тергеу шаралары басталды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты тергеу шаралары басталды
ашық дереккөзі
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіпорнына қатысты тергеу басталды деп жазды turkystan.kz. Қазір темір жол нарығындағы жүк тасымалының басым бөлігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не тиесілі. Монополист бірдей келісімдерге әртүрлі шарттар қойғаны үшін айыпталып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдемесі бойынша жүк тасымалдауға осы уақытқа дейін 48 лицензия берілсе де, шын мәнісінде, белгілі бір бағыттарда екі жекеменшік тасымалдаушы «ТТТ Сервис» ЖШС мен «DarRail» ЖШС жұмыс істейді. Олардың үлесі 5 пайызға да жетпейді. Қалған бөлігін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұстап отыр. Ресми деректерге сүйенсек, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұлттық жүк тасымалдаушы компаниясы болып есептеледі. Бастапқы кезде ол акционерлік қоғам болып тіркелген. Ал 2020 жылдың тамызында жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қайта құрылды. Компанияның бірнеше филиалдық желісі бар. Оған жол бөлімшелері мен локомотив деполары кіреді. Барлығы дерлік жүк тасымалдау қызметтерінің кешенін ұсынады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС еліміздегі бірқатар ірі компаниялардың жүктерін жеткізіп отырады.
 «Қазір «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты монополициялық артықшылығын теріс пайдалану бойынша тергеу шаралары басталды», – делінген ресми хабарламада.