Жаңалықтар

«Мәңгілік алауға» дәрет сындырған жігіттер ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Мәңгілік алауға» дәрет сындырған жігіттер ұсталды (ВИДЕО)

Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Невинномысск қаласында үш бұзақы «Мәңгілік алау» мемориалында тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға кеше, 27 наурыз күні болған. Олардың бірі алауға зәрін шашып, бейәдеп қылық танытқан. Қала мэрі Михаил Миненков өз жеделхатында олардың қала қонақтары екенін және мас болғанын айтты. Үстерінен вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыскерлердің бет-әлпеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.