«Заңгер ретінде депутаттыққа түсуге толық құқығым бар» - Абзал Құспан

«Заңгер ретінде депутаттыққа түсуге толық құқығым бар» - Абзал Құспан

«Заңгер ретінде депутаттыққа түсуге толық құқығым бар» - Абзал Құспан
ашық дереккөзі
Белгілі заңгер, құқық қорғаушы Абзал Құспан Facebook-тегі парақшасында өзін депутат болғысы келіп жүр деген мағынада сынай бастағандарға жауап қайтарды деп жазды turkystan.kz.
«Осы депутат болып кете ме деп қам жеп, «алаңдаушылық» танытып жатқан кейбір мысықтілеу ағайынға айтарым: Жоқ! Менің ондай жоспарым жоқ. Негізі, ҚР азаматы, елдегі қоғамдық шаруаларға белсенді араласып жүрген адам, заңгер ретінде депутаттыққа түсуге толық құқығым бар, әрине. Бірақ, менің қалауымдағы Парламент, ол – кәсіби Парламент, яғни құрамының белгілі бір бөлігі (көп елдерде 70% және одан жоғары) заңгерлерден тұрса деймін. Себебі Парламенттің функциясы – заң шығару! Ал онымен бірінші кезекте тәжірибелі заңгерлер айналысқаны жөн», - дейді Абзал Құспан.
Осы орайда, ол Парламентте атқарушы билік – Үкімет қызметін бақылау құзіреті болса деген тілегін жеткізді. Айтуынша, өзі де қоғамдық қызметке араласқалы бұл туралы айтудан кенде емес.
«Мен адвокат ретінде де көштен қалмадым, қатарымнан кем болмадым. Бірақ адвокаттық қызметтің бір ерекшелігі – бір адамға не компанияға көмегің тиер, ал жалпы қоғам мәселесін құқықтық негізде қорғауға мүмкіндігің жоқ. Сондықтан соңғы оншақты жыл көлемінде ойда жүрген қазақтілді құқық қорғау ұйымын құру мәселесі мен үшін маңызды боп тұр бұл күндері. Ол ойыма кешегі қаңтар оқиғасына орай құрған комиссиядағы қызметіміздің нәтижесінде одан сайын беки түстім», - дейді құқық қорғаушы.