Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алынатын көлік құны шектелмейді

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алынатын көлік құны шектелмейді

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алынатын көлік құны шектелмейді
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуір айының соңына дейін бекітілетіні туралы мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Бұл бағдарлама бойынша отандық көліктерді сатып алу үшін сатып алынатын көліктің құны шектелмейтін болды. Алайда берілетін несие 10 млн теңгені ғана құрайтын болады.
 «Отандық көліктерді сатып алу үшін берілетін несие мөлшерлемесі 10 млн теңгеге дейін ғана белгіленген болатын, бірақ сатып алушының одан да қымбат көлікті алуына құқығы бар. Баға айырмасын несие алушы өз қаражатынан өтей алады. Сәуір айының аяғында 4 пайызбен жеңілдікпен несиелеу басталады», – деді министр.
Сондай-ақ Қайырбек Өскенбаев күн сайын баға құбылып отырса да, көлік бағасының шарықтамайтынына сенім білдірді.
«Біздің ойымызша, қазақстандық көліктердің бағасы айтарлықтай өсе қоймайды. Бағаның күн сайын өзгеріп отырғаны белгілі. Сондықтан бағаның ертең қандай болатынын айту қиын, дегенмен көптеген позицияларда төмендеу тенденциясы байқалады», – деп мәлімдеді Өскенбаев.