Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алынатын көлік құны шектелмейді

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша алынатын көлік құны шектелмейді

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы сәуір айының соңына дейін бекітілетіні туралы мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

Бұл бағдарлама бойынша отандық көліктерді сатып алу үшін сатып алынатын көліктің құны шектелмейтін болды. Алайда берілетін несие 10 млн теңгені ғана құрайтын болады.

Сондай-ақ Қайырбек Өскенбаев күн сайын баға құбылып отырса да, көлік бағасының шарықтамайтынына сенім білдірді.