Енді мұғалімдер 3 жылда бір рет біліктілігін арттырады

Енді мұғалімдер 3 жылда бір рет біліктілігін арттырады

Енді мұғалімдер 3 жылда бір рет біліктілігін арттырады
ашық дереккөзі
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова айтты деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысының білім саласына қатысты берген тапсырмаларының тағы бір бағыты - мұғалімдердің 3 жылда бір рет біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
«Бұл салада біз халықаралық тәжірибені, мысалы, Сингапур, Финляндияның тәжірибесін қарастырдық. Бұл елдерде мұғалімдер жыл сайын біліктіліктерін арттыру курстарынан өтеді. Сонымен қатар көрші Ресейде де мұғалімдер 3 жылда бір рет білімдерін арттырып отырады. TALIS халықаралық зерттеуі бойынша мұғалімдердің 87%-ы курстардың қажет екенін көрсетіп отыр. Ал мектепке бірінші рет келіп отырған жас мұғалімдердің 70%-ы кәсіби деңгейлерінің жеткіліксіздігін айтып отыр», - деді ол.
Сондай-ақ Гүлмира Кәрімова мұғалімдер өз біліктілігін тек 3 жылда бір рет қана емес, жыл сайын арттырып отыруы қажет деп санайды.