Түркістанда асыл тұқымды қойлар көрмесі өтті

Түркістанда асыл тұқымды қойлар көрмесі өтті

Түркістанда асыл тұқымды қойлар көрмесі өтті
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен «Етті-май бағытындағы халықаралық асыл тұқымды қойлар» көрмесі өтті деп хабарлады turkystan.kz жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Көрмеге Ресей, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген 100-ден аса қой өсіруші азаматтар және еліміздің 8 облысынан келген шаруалар қатысты. Шара шеңберінде етті-майлы қой тұқымының «Ең ауыр салмақты», «Ең биігі» аталымдары бойынша байқаулар өтті. Нәтижесінде 45 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, АШМ Мал шаруашылығы департаментінің басшысы Ерлан Ілиясов үздік шаруаларды «Ауыл шаруашылығы үздігі», «Үздік қой өсіруші шаруашылық» және «Үздік асылдандырушы» төсбелгілерімен марапаттады. Сондай-ақ, шараға қатысқан Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев мұндай көрме барысында жергілікті шаруалар өзара тәжірибе алмасатынын атап өтті.