Бораған қарға байланысты үш облыста жолдар жабылды

Бораған қарға байланысты үш облыста жолдар жабылды

Бораған қарға байланысты үш облыста жолдар жабылды
ашық дереккөзі
Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды деп жазды turkystan.kz. Қостанай облысы бойынша бүгін сағат 11.30-да «Жезқазған – Петропавл» тасжолында Қарағанды облысының шекарасынан бастап, Арқалық қаласына дейінгі жол учаскесі (252-340 шақырым) жабылды. Қарағанды облысында сағат 11.15-тен бастап «Жезқазған – Петропавл» тасжолының 65-252 шақырымындағы учаскесі – Жезді ауылынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі жолда көліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді. Бұған қоса, Батыс Қазақстан облысында сағат 11.10-нан бастап «Орал –Тасқала – Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 76-104 шақырымындағы учаскесі («Тасқала – Ресей шекарасы») бойынша көлік қозғалысы жабылды. Жол апаттарының алдын алу мақсатында «ҚазАвтоЖол» компаниясы жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Мамандар төтенше жағдай кезінде жедел «1403» нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.