«TALQYLAU»-дағы мәселелер онлайн көрсетіліп жатыр

«TALQYLAU»-дағы мәселелер онлайн көрсетіліп жатыр

«TALQYLAU»-дағы мәселелер онлайн көрсетіліп жатыр
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының  жанынан құрылған TALQYLAU алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған мәселелер талқыланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Оған партия басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар қауымдастығы мен қоғам қайраткерлері қатысуда. Модераторы  – AMANAT партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек. TALQYLAU алаңындағы алғашқы пікірталас AMANAT партиясының Youtube желісіндегі ресми аккаунтында және Астана телеарнасының @astana.tv Facebook-тағы парақшасында көрсетіліп жатыр. Еске сала кетсек, бұл жаңа пікірталас алаңын құру бастамасы AMANAT партиясының XXII съезінде көтерілген болатын.