Алматы қаласында 8 жастағы қызды тонаған күдікті қолға түсті

Алматы қаласында 8 жастағы қызды тонаған күдікті қолға түсті

Алматы қаласында 8 жастағы қызды тонаған күдікті қолға түсті
ашық дереккөзі
Алматыдағы тонау фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жазды turkystan.kz Бұл ретте қыздың анасы полиция бөлімшесіне шағымданған. Оның айтуынша, 8 жасар қызы дәріханадан дәрі-дәрмек алуға барған кезінде белгісіз ер адам оның құлағындағы сырғасын жұлып алған.
«Аталған қылмыс дәріхананың бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбадан қылмыскердің қыздың құлағынан сырғасын тартып алып жатқанын көруге болады. Бірінші кезекте, сыртқы белгілері бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Бөлімше қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сол күні К. есімді 49 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазір оның жеке басының бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп мәлімдеді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдыретбаев.