Жаңа облыстардың құрылуы әкімдер жалақысының азаюына әсер етеді ме?

Жаңа облыстардың құрылуы әкімдер жалақысының азаюына әсер етеді ме?

Жаңа облыстардың құрылуы әкімдер жалақысының азаюына әсер етеді ме?
ашық дереккөзі
Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының бюджеті олардың құрамынан аумақтың бір бөлігі бөлініп, жаңа өңірлер құрылғаннан кейін қысқарады. Бірақ бұл әкімдердің жалақысына әсер етпейді деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бюджеттің қаншалықты қысқаратыны әлі белгісіз. Мұның бәрі жаңа облыстардың шекарасына, олардың құрамындағы аудандардың және мемлекеттік қызметшілердің санына байланысты.
«Бюджет, әрине, азаяды, бірақ екі есеге емес. Олардың бюджеті мен штат саны қайта бөлінетін болады. Егер шартты түрде қызметшілердің 30-40%-ы жаңа облысқа, мысалы, Ұлытауға кетсе, тиісінше, бюджеттің де 30-40%-ы сол жаққа кетуі тиіс. Яғни, қайта бөлу болады. Әрине, қолда бар бюджетті ескерген жөн, бірақ бұл қосымша қаржылық бюджет қаражатын қажет етуі мүмкін», – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Қай аймақ бюджет үшін ең «қымбат» болатыны және олардың қайсысына ең көп ақша бөлінетіні әлі белгісіз. Бұл бағытта комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары аумағының азаюы аймақ әкімдерінің жалақысына әсер етпейді.
«Оның (әкімнің) жұмыс істейтін аумағы аз болуы мүмкін, бірақ міндеттері бірдей болады. Менің ойымша, жалақы өзгеріссіз қалады. Себебі барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бекітілген жүйе бар», - деді министр.