Жаңалықтар

Петропавл тынышталмай жатыр

ашық дереккөзі

Петропавл тынышталмай жатыр

Петропавл полицейлері тыныштықты бұзу фактісі бойынша 578 хаттама толтырды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Петропавл қаласының Полиция басқармасы хабардар етті. Айтуларынша, демалыс күндері қалада тұрғындар түнгі сағат 23.00-ден кейін тыныштықты бұзғаны үшін полицейлерді 6 рет шақырған. Жексенбі күні шамамен таңғы сағат 4.00-де 102 арнасына Интернациональная көшесіндегі үй тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. 25 пен 30 жас аралығындағы 4 жігіт бас қосып, көршілерінің демалуына кедергі келтірген. Полицейлер оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша хаттама толтырды. «Жыл басынан облыс орталығында полицейлер түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 578 хаттама толтырды. Былтыр осы кезде 714 адам жауапқа тартылған. Жұмыс күндері кешкі сағат 22.00-ден таңғы сағат 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері кешкі сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін шулауға болмайды деп ескертеміз. Егер біреудің шулағанын байқасаңыз, учаскелік полиция инспекторларына немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет. Шулаған адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», – деді Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.