Уилл Смит «Оскар» сыйлығы рәсіміндегі қолайсыз әрекеті үшін кешірім сұрады

Уилл Смит «Оскар» сыйлығы рәсіміндегі қолайсыз әрекеті үшін кешірім сұрады

Уилл Смит «Оскар» сыйлығы рәсіміндегі қолайсыз әрекеті үшін кешірім сұрады
ашық дереккөзі
Лос-Анджелестегі Долби театрында 94-ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде актер Уилл Смит көпшілік алдында Крис Рокқа қол көтерді. Кейін актер өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, марапаттау кезінде актер рәсімнің жүргізушісі Крис Рокты әйелі Джад Пинкетт-Смит туралы айтқан әзілі үшін шапалақпен тартып жіберген еді. Ол Крис Роктің дертке шалдыққан әйелінің шаш үлгісіне қатысты әзілдегеніне наразылығын осылайша білдірген. Смит өзінің Instagram-дағы парақшасында сол әрекеті үшін кешірім сұрады.
«Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі зиянды. Өткен түнде марапат кезіндегі менің әрекетім қолайсыз және кешірілмейді. Маған қатысты айтылатын әзіл – жұмысымның бір бөлігі деп қабылдаймын. Бірақ Джаданың денсаулығына қатысты әзіл мен үшін ауыр болды. Сондықтан мен оған эмоционалды түрде жауап бердім. Крис, сізден көпшілік алдында кешірім сұрағым келеді. Мен қателестім. Ол үшін ұяламын және менің бұл әрекетім өз болмысым емес. Махаббат пен мейірімділік әлемінде зорлық-зомбылыққа орын жоқ» деп жазды ол.
Тағы оқи отырыңыз: Уилл Смит «Оскар» сыйлығы рәсімінде әріптесіне қол көтерді (ВИДЕО) Сонымен қатар актер америкалық кино академиясынан, шоу ұйымдастырушыларынан және барлық қатысушылардан, сондай-ақ бүкіл әлемдегі көрермендерден кешірім сұрады.