Қарапайым келін TikTok жұлдызы атанды

Қарапайым келін TikTok жұлдызы атанды

Қарапайым келін TikTok жұлдызы атанды
ашық дереккөзі
Қазір әлеуметтік желіде кеңінен танылған қарапайым келін Әйгерім Оңғарова өзінің атақты болу құпиясымен бөлісті деп жазды turkystan.kz.
«Мен – Сарыағаштың келінімін. Жасым 29-да. Қазір 3 қыз, 1 ұлдың анасымын. Өз оқырмандарыма қызықты әрі пайдалы контент ұсыну арқылы біраз жетістікке жеттім», – дейді Әйгерім.
Оның TikTok парақшасына 400 мыңнан астам оқырман тіркелген. Видеолары 8 милионнан аса қаралым жинады. Карантин кезінде біраз адам табысты болудың жаңа көздерін ашты деуге болады. Әйгерім де карантин кезінде әлеуметтік желіде парақшаларын белсенді түрде жүргізе бастаған. 2020 жылы ол да жұрт сияқты блогер ретінде өзін байқап көрді. Жаңа жылдың алдында әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізе бастайды. TikTok-ты Stories жүргізуге деген қорқынышты жеңу үшін ашқан еді.
«TikTok-тағы қазіргі парақшамды ашқаныма көп уақыт өткен жоқ. Видеоға өзімнің күнделікті өмірімді шынайы әрі қызықты түсіруге тырыстым. Көпшіліктің көңілінен шығып, жақсы пікірлер көптеп түсе бастады. Мен шабыттана түстім. TikTok-тағы танымалдылығымның арқасында Instagram-дағы парақашама да көп оқырман жиналды», – деді ол.
Instagram желісінде Әйгерімнің 75 мың оқырманы бар. Оның өмірін күнделікті 18 мың адам бақылайды екен.
«Парақшамды жүргізу кезінде түрлі жағдайлар болып тұрады. Видео сәтті шықса қуанамын. Ал кейде оқырмандарымнан жағымсыз пікір жазылып жатса, ауыр тиеді. Бәріне үлгере бермейтін кездерім де болады. Бірақ видео түсіріп, оны монтаждау маған қатты ұнайды. Барлық видеоны өз ойыммен түсіремін, идеясын да өзім табамын. Өзім сценарист, өзім видеограф, өзім әртіспін. Бастысы – шынайылық пен қарапайымдылық», – деді өз құпиясымен бөліскен желі жұлдызы.