Ақтөбе облысында нан тапшылығы болуы мүмкін

Ақтөбе облысында нан тапшылығы болуы мүмкін

Ақтөбе облысында нан тапшылығы болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Екі аптадан бері «Рамазан» ЖШС компаниясына тиесілі Ақтөбе облысындағы 3 ірі нан зауытының бірі Ресейдің Орынбор облысынан бидай ала алмай отыр деп хабарлады turkystan.kz. Компания мәліметінше, Орск-Оңтүстік-Орал темір жолы станциясында бидай тиеген 35 вагон тоқтап тұр. Бұл - шамамен 2 мың тонна астық.
«Бұл компаниямен біздің бұрыннан келісімшартымыз бар. Тасымалдаушылармен сөйлескен кезде олар 14 наурызда астықты әкелуге дайын екендіктерін айтты. Бірақ қазір оны ала алмай    отырмыз. Қазір тоқтап тұрған әрбір күн - біз үшін өте маңызды. Вагондардың тұрып қалған әр күні астық құнына әсер етеді», – дейді «Рамазан» ЖШС-нің директоры Тимур Шаймағамбетов.
Оның айтуынша, Орынбордан ай сайынғы қажетті мөлшердің үштен бірі жеткізіліп отырған. Қазір қажеттілік компания қорынан өтелуде. Бірақ ол сәуір айының ортасына дейін ғана жетеді. Жағдайды шұғыл шешу туралы мәселе Өңірлік кәсіпкерлер палатасында көтерілді.
«Біз бұл мәселені 25 наурызда онлайн-режимде Ресей тарапымен, атап айтқанда, Орынбор облысындағы бизнес-омбудсмен Виктор Коршуновпен талқыладық. Біз сол күні оған тиісті хат жібердік, көмек көрсеттік. Қазір нәтижесін күтіп отырмыз»,- деп түсіндірді Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Руслан Куйшинов.
ҰКП бұл мемлекетаралық деңгейдегі мәселе екенін және екі елдің Үкіметі тарапынан реттеуді талап ететінін атап өтті.