ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры тағайындалды

ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры тағайындалды

ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры тағайындалды
ашық дереккөзі
Ернар Мыңжанов ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
Мыңжанов Ернар Сеитұлы 1990 жылы дүниеге келген. Қазақстан-Британ техникалық университетін, Манчестер университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының 2011 жылғы стипендиаты.
Түрлі жылдарда «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бас менеджері, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ бас сарапшысы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жоба жетекшісі, бас менеджер, «Baiterek Venture Fund» АҚ инвестициялық департаментінің директоры, сондай-ақ, «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі жұмыстарын атқарған.
2020-2022 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және қаржылық-экономикалық активтерді басқару департаментінің аға менеджері болған.
2022 жылғы 28 наурыздан бастап  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры болып еңбек етіп келген.
2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданды.