Үкімет Жалпыұлттық даму жоспарын бекітті

Үкімет Жалпыұлттық даму жоспарын бекітті

Үкімет Жалпыұлттық даму жоспарын бекітті
ашық дереккөзі
Қазақстан Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық даму жоспарын бекітті деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жоба 10 бағыт бойынша жүзеге асырылатын 36 іс-шарадан тұрады. Бұл ретте ҚР Парламенті Сенатының құрылу тәртібі мен бірқатар функциялары қайта қаралатын болады. Атап айтқанда: Сенаттағы президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарады, олардың бесеуі Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылады;
  • ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа беріледі;
  • ҚР Парламенті Сенатының Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы көзделген;
  • ҚР Парламенті Сенатының өкілеттігі Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығымен толықтырылды;
  • ҚР Парламенті Мәжілісі Заң қабылдау құқығына ие болады;
  • Есеп комитеті жоғары аудиторлық палатаға қайта құрылатын болады.
ҰЭМ басшысының айтуынша, елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында Мәжілісті қалыптастырудың аралас жүйесін көздейтін сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады.
«Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, оның ішінде тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендету көзделуде. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1000-нан 700 адамға дейін қысқарады» деп қосты Әлібек Қуантыров.
Сонымен қатар Қазақстанда конституциялық сот пайда болады. БАҚ туралы заң қайта қаралады. Үш жаңа облыс - Абай, Жетісу және Ұлытау пайда болады. Ұлттық экономика министрі атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс басталып кетті. Премьер-министр Әлихан Смайылов ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қойылған міндеттерге толық жауап беретінін және келісудің барлық қажетті рәсімдерінен өткенін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы оны жүзеге асыруға кідіріссіз кірісуді тапсырды.
«Барлық Бірінші басшылардың назарын аударамын – сіздер жоспардың әрбір іс-шарасының сапалы және уақтылы орындалуына дербес жауап бересіздер. Орынбасарларыма жоспардың бағыттарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов.
Тағы оқи отырыңыз: Президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратыны белгілі болды