Қазақстандық желаяқ депутаттық төсбелгісін сатылымға қойды

Қазақстандық желаяқ депутаттық төсбелгісін сатылымға қойды

Қазақстандық желаяқ депутаттық төсбелгісін сатылымға қойды
ашық дереккөзі

Аты аңызға айналған қазақстандық желаяқ Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатының депутаты болып тұрған кезінде иеленген алтын төсбелгісін сатылымға қойды деп хабарлады turkystan.kz. 375 сынамалы төсбелгінің салмағы - 6 грамм. Оны 2003 жылы Екібастұз мәслихатының депутаты болып тағайындалған кезінде алған. Спортшы төсбелгінің бастапқы бағасын 100 мың теңге деп белгілеген.

«Бұл төсбелгілер қандай ақшаға сатып алынғаны мен үшін әлі жұмбақ. Заң бойынша мәслихат депутаттарына төсбелгі берілмеуі керек. Бірақ ол кезде 17 екібастұздық депутатқа алтын төсбелгі берді. Оған біз ақша төлеген жоқпыз. Қазір оны тақпаймын, тағуға себеп те жоқ. Оның үстіне бұл төсбелгі жағымсыз естеліктерді еске салады. Сондықтан сатылымға қойдым», - деді Марат Жыланбаев.
Сондай-ақ ол мұндай белгілердің қымбат тұратынын айтқан.
«Парламент депутатының әрбір алтын төсбелгісі 347 392 теңге тұрады. 2021 жылдың күзінде сондай бағада болған» деп жазды ол.
Тағы оқи отырыңыз: «Күтіп отырмыз» – Айгүл Иманбаева жүкті екенін айтты