«Осы құрметімді сізге арнаймын» - Димаш сыйлығын кімге бергенін айтты (ВИДЕО)
Димаш Құдайберген «Emigala international Award» сыйлығын әжесі Миуа Мүбәрәкшақызына арнадыдеп хабарлады turkystan.kz.
Дубайда өткен «EMIGALA Fashion Awards» кешінде әнші «Халықаралық деңгейдегі ең үздік жұлдыз» сыйлығын алды. Ол марапатын бала кезінде музыкалық білім алуына үлкен үлес қосқан Миуа әжесіне арнап, сахнада табыс етті.