Жаңалықтар

Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды

ашық дереккөзі

Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды

Қазақстандық 6 бірдей ауыр атлеттен допингке қарсы сынақ кезінде оң нәтиже анықталды деп хабарлады turkystan.kz Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап. «2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді», - делінген хабарламада. Бақылау қорытындысы бойынша, келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды: Әуелханов Абылай Сон Игорь Потасова Юлия Чалкарова Руфина Дроздов Алексей Макрушин Матвей. Федерация таратқан мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған барлық спортшы - Алматы облысының өкілдері. «Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті», - деп хабарлады аталған ведомстводан.