Сепаратистік бағыт ұстанған қазақстандықтар жауапкершілікке тартылады

Сепаратистік бағыт ұстанған қазақстандықтар жауапкершілікке тартылады

Сепаратистік бағыт ұстанған қазақстандықтар жауапкершілікке тартылады
ашық дереккөзі
Бас прокуратура қазақстандықтарға басқа мемлекеттің аумағында ұрысқа қатысу қылмыс екенін ескертті деп жазды turkystan.kz. Ақпан айынан бері БАҚ пен әлеуметтік желілерде Украина аумағындағы жағдай туралы көптеген материалдар пайда болды. Атап айтқанда, азаматтарды әскери қақтығысқа қатысуға шақыру, ұлттық араздықты қоздыратын, екі тараптың азаматтарын қорлайтын арандатушылық мәлімдемелер мен жалған ақпараттар жарияланып жатыр. Бұл әрекеттерге барған азаматтарға төмендегідей баға беріледі:
  1. Қазақстанның тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру;
2. Ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер. Қылмыстық әрекетке барғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.