«Президент соғысқа дайын болуды тапсырды» - Қорғаныс министрі

«Президент соғысқа дайын болуды тапсырды» - Қорғаныс министрі

«Президент соғысқа дайын болуды тапсырды» - Қорғаныс министрі
ашық дереккөзі
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Закир Гасановтың төрағалық етуімен елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты қызметтік кеңес өтті деп хабарлады turkystan.kz. Кеңесте министр Жоғарғы Бас қолбасшы, Президент Ильхам Әлиевтің Әзербайжан қарулы күштерінің алдына қойған мақсат-міндеттерін айтып берді. Осыдан кейін ол жиынға қатысқан әскери құрылымдардың басшыларына Президенттің тапсырмасын жүктеді.
«Жоғарғы Бас қолбасшы Әзербайжан армиясы жеке құрамының әскери және моральдық-психологиялық дайындығына жақсы баға беріп, әскери бөлім басшыларына, жалпы сарбаздарға қырағылық танытуды тапсырды», - деді ол.
Сонымен бірге ол Президенттің әскери құрылымдардың басшыларына қазіргі заман талабына сай сатып алынған қару-жарақ пен басқа да әскери техникаларды кез келген уақытта қолдануды тапсырғанын айтты.