Қазақ палуаны тұңғыш рет сумо күресінен чемпион атанды

Қазақ палуаны тұңғыш рет сумо күресінен чемпион атанды

Қазақ палуаны тұңғыш рет сумо күресінен чемпион атанды
ашық дереккөзі
Қазақ палуаны Ерсін Балтағұл Жапониядағы сумо күресінен биылғы хару башёда макушита дивизионы бойынша 7:0 есебімен үлкен спорттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Сумошы Ерсін Балтағұл бұған дейін 2019 жылғы 18 қарашада Жапонияда жастар арасында өткен сайыста сумо чемпионы атанған болатын. Содан бері араға үш жыл салып башёда жеңіске жетті. Ерсін Балтағұл Токиоға Алматыдан 18 жасында аттанған. Ол бала күнінде қазақ және дзюдо күресімен айналысқан. Ерсіннің сумо күресіне келуіне себепші болған – әйгілі Моңғол палуаны, сумо күресінің чемпионы (ёкозуна) Асашёри Дагвадорж. Ол қазақ жігітіне қолдау білдіріп, оның Жапонияда оқуына қолғабыс жасаған. Қазір Ерсін Нихон университетінде үш бірдей бапкерден (ояката) тәлім алады. Ол оқуға барғанда салмағы 130 келі болып, қазір 190 келіге дейін жеткен. Ерсіннің сумодағы лақап аты – Кинбозан, қазіргі дәрежесі – Ms34.